Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кіші Төралқа мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Уақыт және сен» кітабының танытымы өтті.
Кітапта Алла Тағаланың адамзат баласына берген ең бағалы нығметі – уақыттың қадір-қасиеті жайында мол мағлұмат берілген. Сонымен қатар уақыттың құндылығы асыл дініміздің призмасымен қарастырылған.
«Уақыт және сен» кітабында уақыттың қаншалықты қымбат екені ғибратты оқиғалармен баяндалып, уақытты жүйелеудің әдіс-тәсілдері де қоса көрсетілген. Сондай-ақ кітап авторы Хамзат Қажымұратұлы тайм-менеджментке қатысты көптеген пайдалы еңбектерді мысалға келтіріп, олардың маңызды деген тұстарын оқырманға екшеп ұсынады.
Тұмар Шұнықова,
ЕҰУ-дың 2-курс студенті



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
30.05.2022
3550
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру