Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЛ-АЗҺАР ҒАЛЫМДАРЫ БАУЫРЖАН ҰСТАЗДЫҢ РУХЫНА ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Мысырдағы өкілдігі 27.05.2022 4100 0 пікір
ӘЛ-АЗҺАР ҒАЛЫМДАРЫ БАУЫРЖАН ҰСТАЗДЫҢ РУХЫНА ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

Мысыр еліндегі әл-Азһар университетінің ғалымдары марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстаздың рухына құран хатым оқып, дұға жасады.

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде Бауыржан ұстазбен әріптес болған мысырлық ұстаздар марқұмның біліміне, әдебіне, көркем мінезіне және кішіпейілдігіне тәнті болғанын еске алды. Ұстаздың артында қалған отбасына дұға жасады.

Әл-Азһар университетінің ғалымдары осы оқу орнында оқып жүрген шәкірттерге «алдымен өз елдеріңнен шыққан ғалымдардан ана тілінде білім алып, діни негіздеріңді қалаңдар, содан кейін ғана араб ұстаздардан дәріс алыңдар» деп атап өтті. Олар Қазақстанда Бауыржан Әлиұлы сияқты ғалымдар екенін алға тартып, солардан үлгі алып, білім жолында сабырлы, ыждағатты болуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру