Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.05.2022 704 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар «Шығыс ғалымдарының Ислам өркениетіне қосқан үлесі» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияда баяндама жасады.

Аталшым конференцияға Өзбекстанның халықаралық ислам академиясының ректоры, профессор, докторлары мен ғалымдары, Өзбекстан Республикасының Дін істері комитетінің төрағасы, Өзбекстан, Қырғыстан елдерінің мүфтилері мен Малайзия университеті және Мысыр елінің әл-Азһар университетінің профессорлары және т.б. ғалымдар қатысты.

Конференция барысында қатысушыларға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізген Ершат Ағыбайұлы:  

«Шығыс жұрты – ұлы ғалымдардың мұрасы ислам өркениетінің қазынасы. Исламның Шығыс дүниетанымын қалыптастыруда үлкен және маңызды рөл атқарғаны баршаға мәлім. Әл-Фарабидің трактаттары, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» даналық жинағы, Ибн Синаның «Шифа», Жүсіп Баласағұн, Әлішер Науаидің адамның руханиятын тәрбиелейтін поэмалары, осы еңбектердің барлығы Шығысқа ғана емес, бүкіл ислам әлеміне пайдалы мұра болды.

Өзбекстан – біз үшін бауырлас халық. Арамызда тарихи және рухани жақындық бар. Қазақ халқы айтқандай: «Қырғыз-қазақ біртуған, өзбек – өз ағам». Бірнеше ондаған жылдар бойы екі ел мұсылмандары діни басқармалары Рамазан айын анықтау, діни маңызы бар күндерді мерекелеудің бірыңғай күнін бекіту, ортақ пәтуаларды қабылдау және т. б. сияқты негізгі мәселелерді шешуде өзара тығыз байланысы бүгінгі күнге дейін жалғасуда» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру