Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕККЕДЕ ҚАҒБАНЫҢ КИСУАСЫН ТІГУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.05.2022 2271 0 пікір
МЕККЕДЕ ҚАҒБАНЫҢ КИСУАСЫН ТІГУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаның кисуасын тігу іс-шарасына қатысты.

 

Бұл тігіліп жатқан жаңа кисуа (Қағбаның сыртқы жабдығы) биыл арапа күні ауыстырылады. Бас мүфти қасиетті Құран аяттарын жазу барысында елімізге дұға жасады.

Айта кетейік, Қағбаның кисуасы арапа күні ауыстырылады. Қымбат әрі берік жібектен жасалады. Оған 150 келі алтын, 100 келі күміс және 670 келі жібек жұмсалады.

Зұлхижжа айында жылына бір рет ауыстырылатын кисуаның жоғары бөлігі – 41 метр, ені – 47 метр. Кисуа дайындаушылар жылына екі кисуа тігіп дайындап шығады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру