Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МЫСЫР МҮФТИІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.05.2022 897 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МЫСЫР МҮФТИІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабия Корольдігінің астанасы Эр-Риядта өткен конференция аясында Мысыр мүфтиі Шауқи Алламмен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады.

Жүздесу барысында конференцияда көтерілген тақырыптар, оның ішінде жамағатты бірлікке шақыру, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін ұстанып дінаралық келісімде әділ болу, қазіргі жаһандық үдерістер заманында мұсылман үмбетінің ауызбіршілігін сақтауға үлес қосу сынды мәселелер жан-жақты айтылды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр мүфтиі Шауқи Алламға ортақ жобаларға көрсеткен қолдауы үшін  ізгі ниетін жеткізді. Мысыр мүфтиі де ілтипат танытып, әріптестік байланыстар арта түсетінін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру