Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАС ХАТШЫМЕН ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.05.2022 2293 0 пікір
БАС МҮФТИ БАС ХАТШЫМЕН ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕСТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» аясында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті.

Бағдат Әміреев Бас мүфти бастамасына қолдау білдіріп, ҚМДБ қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі мемлекеттері ұйымының бауырластық байланысты арттыруға қосқан үлесін атап өтті.

«Сіз Түркістанда өтіп жатқан «Мүфтилер алқасының» жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлкен үлес қосып отырсыз. Мұсылман мемлекеттерінде елші болған сәттеріңізде елімізден көптеген мешіттердің ашылуына ықпал еттіңіз. Бүгінгі таңда Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығына көп еңбек сіңіріп келесіз. Біздің бастамамызға да қолдау білдіргеніңізге ризашылық ниетімді жеткіземін» деді Бас мүфти.

Еске сала кетсек, 6 мамырда ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Түркістанда түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасының» отырысы өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру