Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЛИ ЕРБАШПЕН «МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ» МАҢЫЗЫН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.05.2022 2718 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЛИ ЕРБАШПЕН «МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ» МАҢЫЗЫН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» аясында Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесті.

Кездесуде түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын арттыру мәселесі сөз болды.

«Шақыртуымды қабыл алып келгеніңіз үшін Сізге тағы да ризашылық ниетімді жеткіземін. Алла разы болсын! Түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» игі істерімізге серпін береді деген сенімдемін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде Әли Ербаш: «Өзіңіз жақсы білесіз, түркі мемлекеттерінің президенттері Стамбұл қаласында бас қосып, ортақ мүдде жолында ынтымақтастықты арттыруға келісті. Президенттеріміздің бұл бастамасына дін қайраткерлері үн қосып, қолдау көрсетуде. Соның нақты айғағы ретінде Түркістанда өтіп жатқан «Мүфтилер алқасын» айтуға болады. Бұл бастама халықаралық деңгейдегі ізгі іс-шараларға ықпал етеді» деді.

Кездесу соңында тараптар бауырлас елдердің діни саладағы байланысын нығайтуға уағдаласты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру