Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ НАУҚАСТЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАП, МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.05.2022 3614 0 пікір
БАС МҮФТИ НАУҚАСТЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАП, МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы №1 ауруханада емделіп жатқан Қайсар Садықанұлын ораза айт мейрамымен құттықтап, көңілін сұрады.

2011 жылы жол апатына ұшырап, кеуде омыртқасы сынған Қайсар Садықанұлы мүгедек арбасына таңылса да, мойымай келеді. Тағдырындағы сынаққа жылдар бойы сабыр етіп, ауыр жағдайына қарамастан, Алладан үмітін үзбей келе жатқан ол «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрақты жамағаты.

ҚМДБ Төрағасы алдағы уақытта науқастың еміне Діни басқарма мен «Зекет және қайырымдылық» қоры тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді. Өз кезегінде Қайсар Садықанұлы да Бас мүфтиге қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, алғыс айтты.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру