Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.05.2022 3235 0 пікір
ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы, профессор, доктор Әли Ербаш Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау хат жолдады.

«Өзіңізді және сіз арқылы Қазақстандағы барша мұсылман бауырларымызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Осынау ерекше күннің екі ел арасына, жалпы ислам әлеміне және барша адамзатқа бейбітшілік, тыныштық және есендік әкелуін, мұсылмандардың ауызбіршілігіне себепші болуын тілеймін. Шынайы ықыласым мен жалынды сәлемімді жолдаймын» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру