Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.05.2022 3088 0 пікір
РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ресей мүфтилер Кеңесінің және Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Ғайнутдин Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтады.

«Ресей мұсылмандары діни басқармасы атынан баршаңызды қайымдылық, өркендеу, шыдамдылық, мейірімділік, сабыр айы – қасиетті Рамазан айының аяқталуымен және Ораза айт мейрамымен құттықтаймын.

Алла Тағаладан біздің елдеріміздің гүлденуін тілеймін! Сізге және сіздің жақындарыңыз бен елдеріміздің азаматтарына зор денсаулық, мол бақыт, күш-қуат, береке-бірлік тілеймін! Алла қаласа бірлескен іс-шараларды атқарамыз деген ойдамын. Алла Тағала қасиетті айда ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін! Барлық бастамалаңыз баянды болсын!» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру