Беларусь мұсылмандары діни бірлестігінің төрағасы Абу-Бекир Шабанович ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтап, хат жолдады.
«Беларусь мұсылмандары және өз атымнан Сізді және Қазақстанның барша мұсылмандарын қасиетті Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын.
Осы күндерде айтылған ізгі тілектер, жасалған қайырымдылық шаралары, көрсетілген мейірім жүрегімізден шынайы орын алып, сенімді серігімізге айналсын. Алла Тағала ұстаған оразамыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін! Жақсы амалдарымызға сауаптан жазсын!» делінген құттықтау хатта.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
03.05.2022
3192
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру