Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫ ОРТАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.05.2022 2976 0 пікір
РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫ ОРТАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

Ресей мұсылмандары орталық басқармасының төрағасы, бас мүфти Талғат Сафа Тажжуддин ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдап, Ораза айтпен құттықтады.

«Сізді және Қазақстан мұсылмандарын, отбасыңыз бен туған-туыстарыңызды қасиетті Рамазан айының аяқталуымен және Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қасиетті Рамазан айындада бізге денсаулық пен күш-қайрат беріп, ораза ұстауды нәсіп еткен Аллаға мадақ! Жаратушының мейірімі мен ізгілігінің арқасында біз Алланың осы бір сынағынан сүрінбей өтіп, бойымызға мейірім мен игі істерді істеудің мол тәжірибесін қалыптастырдық. Қасиетті Рамазан айда ораза ұстау арқылы Алла Тағала бізге өмірдегі құндылықтар мен адамзаттың осы дүниеге келгендегі мақсұт-мұратын көкірек көзімен түсінуге көмектесті» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру