Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Веломарафоншы Рамазан айының құрметіне жаңа рекорд орнатты

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.05.2022 3534 0 пікір
Веломарафоншы Рамазан айының құрметіне жаңа рекорд орнатты

Әуесқой велошабандоз, журналист Ернат Мелсұлы Рамазан айының соңғы күнінде «Оразадағы 99 шақырым» велошеруін ұйымдастырып, жаңа рекорд тіркеді.

Бұл бастамаға «Ислам – бірлік пен ынтымақ жылы» аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолдау көрсетіп, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бата беріп, ақ жол тіледі.

Велошерудің мақсаты – әр шақырымда Алла Тағаланың көркем есімдерін айта отырып, 99 шақырымды бағындыру. Осылайша «Толық адам және 4 даму» жобасының авторы «Әзірет Сұлтан» мешітінен бастаған шеруін ауызашарға дейін аяқтап, елорда маңайын толық шолып өтті.

Жобаны автор өзінің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетті. Өзінің айтуынша, ендігі мақсаты – велосипедпен қасиетті Меккеге барып, қажылығын өтеу.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру