Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

sunna.kz 28.04.2022 2755 0 пікір
ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келіп, қасиетті Қадір түніндегі іс-шараларға қатысты.

Құптан намазынан соң наиб мүфти «Қадыр түні 1000 айдан да қайырлы» тақырыбында уағызын айтты. Жиналған жамағатқа Рамазан айының, Қадір түнінің артықшылығы мен берекесі жайындағы тұшымды насихат айтып, мың айдан артық қасиетті түннің дініміздегі орыны, дүние-ақыртеттік маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, Сансызбай Құрбанұлы тарауық намазынан кейін мыңдаған елордалық ағайынмен бірге Хатым дұғасын жасап, ағайынның бірлігі, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру