ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлының ұйымдастыруымен Қазақ радиосының Алматы бөлімшесінің қызметкерлеріне ауызашар дастарқаны жайылды.
Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Қазақ радиосында 17 жыл қызмет істеген, бүгінде «Иман» журналына жетекшілік ететін Оңғар қажы Өмірбек радио қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
ҚМДБ Төрағасының орынбасары дәстүрлі діннің орны жайлы салмақты уағыз-насихат айтып, Қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтар мен Қазақ радиосына еңбегі сіңіп, өмірден озған журналистердің рухына Құран бағышталды. Сондай-ақ ел ынтымағы мен тыныштығы үшін дұға жасалып, бата қайырылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
26.04.2022
2871
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру