Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Хәкім Абай» кітапханасында «Зейін» оқырмандары клубының ұйымдастыруымен Уағыз-насихат бөлімінің маманы, исламтанушы, бірнеше діни кітаптың авторы Думан Сайфулламен кездесу өтті.
Алдымен Думан Нәдірұлы оқырмандарға өзі жазған «Көркем мінез» кітабын таныстырып, мазмұнын баяндап берді. «Адам мінезі өзгере ме?» деген сұраққа оқырмандармен бірге жауап іздеп көрді. Нәтижесінде мұсылман баласы көркем мінезді болуы үшін иманның, салиқалы достың және өз қателігін мойындап, соны түзеп отырудың маңызы зор деді автор.
Одан бөлек Думан Нәдірұлы 2018 жылы жарық көрген туындының қалай әзірленгені, қандай қиындықтар болғаны жөнінде тілге тиек етті.
Сондай-ақ кездесу соңында автор аталмыш кітапты қолтаңбасын қойып, «Зейін» оқырмандарына табыс етті.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
14.03.2022
2792
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру