ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігіне қарасты Теміртау қалалық «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған волейбол турнирі өтті.
Арнайы спорт алаңында өткен спорт додасына Қарағанды өңірінің түкпір-түкпірінен келген 7 команда қатысты.
Әйел-қыздар жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған спорттық іс-шара шымылдығын Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Спорттық додадағы әр ойын қызу да тартысты өтіп, жарыс нәтижесінде І орынды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің командасы иеленсе, ІІ орын Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінің командасына, ІІІ орын «Бала қажы» мешітінің командасына бұйырды.
Жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 50, 30 және 20 мың теңге ақшалай сый-сияпат беріліп, арнайы кубоктар және медальдар табысталды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
ihsan.kz/
16.11.2021
2695
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру