Студенттер күні қарсаңында елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің дінтану мамандығының бір топ студенті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратына экскурсия жасады.
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы ЕҰУ студенттеріне Діни басқарманың тыныс-тіршілігін таныстырып, бөлімдердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді.
Сонымен бірге экскурсия барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, алдағы уақытта Ислам діні жайлы дін мамандарынан дәріс алуға ниетті екенін білдірді.
Экскурсия соңында студенттерге «Хакім Абай» кітапханасында жүздесу ұйымдастырылып, естелік ретінде «Жастар шамшырағы», «Дін мен дәстүр 2» кітаптары мен «Мұнара» газетінің жаңа саны сыйға тартылды.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
16.11.2021
3188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру