Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ – САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.10.2021 2214 0 пікір
БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ – САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Түркістан облысының Сарыағаш ауданына арнайы сапармен барды.

Алдымен Батыржан Берденұлы аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жібек жолы ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, діни сауаттылықты арттыру жөнінде насихат айтты.

«Тіршілігін құлышылығымен байланыстарған мұсылман үмбеті үшін білімнің маңызы қашан да жоғары. Діни сауатты болу адамды көштен қалдырмайды және жамандықтан бойын аулақ ұстауға септігі тиеді. Бабаларымыз «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деген екен. Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Құстың жалғыз қанатпен ұша алмайтыны секілді, адам баласы да екі дүниенің білімін игермей, мұратына жете алмайды. Тән азығы қаншалық қажет болса, жан азығы, рухани азық та адам баласына ауадай қажет. Сондықтан хадисте айтылғандай «білім мен хикмет – мүминнің жоғалтқан қазынасы болса, оны қай жерден болса да меңгеріп қалуға тиіспіз» деді РАНТ мүшесі.

Бұдан кейін Батыржан Берденқұлы «Расулқожа», «Айна қожа» және «Әл-Азим» мешіттерінде деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен сұхбат жүргізіп, оларды дәстүрлі ислам дініне бейімдеу, оңалту шараларын жүргізуге қатысса, Сарыағаш қалалық орталық мешітінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты халықтың мақсатты топтарына түсіндіру бойынша насихат айтты.

Сондай-ақ РАНТ мүшесі аудандық орталық мешітте «Пайғамбарға махаббат» тақырыбында жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру