Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИГІ БАСТАМА: АТЫРАУДА НҮКТЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ЖЕКЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.09.2021 514 0 пікір
ИГІ БАСТАМА: АТЫРАУДА НҮКТЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ЖЕКЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Атырау облысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен нүктелі кездесулер мен жеке ықпал ету іс-шарасы басталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған жұмыс тобы өзіне жүктелген жауапты міндетке кірісті.

Облыстық «Иманғали» мешітінде жұмыс тобымен кездескен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни басқарманың негізгі жұмыстарының бірі – деструктивті діни ағымды алдын алу және білместікпен адасқан азаматтардың діни көзқарасын оңалту. Атырау облысындағы діни ахуалды ескеріп, нүктелі кездесулер мен жеке ықпал ету іс-шарасын осы өңірден бастап отырмыз. Бұл бастамамыз нәтижелі болады деп сенемін. Алла Тағала ыждаһатпен атқаратын іс-шараларымызға береке нәсіп етсін» деді.

Айта кетсек, жұмыс тобымен келген елімізге белгілі ғалым-ұстаздар – Арман Қуанышбаев, Ризабек Батталұлы, Батыржан Мансұров, Сансызбай Шоқанов, Ғазиз Ахметов, Қанат Алшынбаевтар жамағатпен жүздесіп, еркін сұхбаттасып, сұрақтарына жауап бермек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі