Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ 12000-ҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 14.09.2021 801 0 пікір
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ 12000-ҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Елордада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының жетекшілігімен «Зекет және қайырымдылық» қорының IV тоқсан жұмысын жандандыруға арналған онлайн жиналысы өтті.

Жиналыс барысында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы зекет жұмысын жандандыруға байланысты бағыт-бағдар беріп, қоғамдағы зекеттің орны, ұшырдың маңыздылығы, төрт-түлік малдың зекеті, сауда тауарларының зекетін насихаттау сауабы мол, әрі жауапты іс екенін еске салып өтті.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Сейткәрімұлы сөз кезегін алып, зекет өкілдерінің ерен еңбегіне, әсіресе, елді қуаңшылық жайлаған сәтте «Қиындықта ел бірге» жобасын ұйымдастырып, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында атқарылған жұмыстарға, «Мектепке жол» акциясы бойынша 12000-ға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп құрал-жабдықтарымен көмек берілгенін, өзге де ауқымды қайырымдылық жұмыстарын жоғары бағалап, алғыс білдірді.

Жиналыс барысында күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, «Өмірге үміт сыйла», «Ел үлесі – пәтерге» және т.б. ауқымды жобалар жұмысын жандандыруға байланысты тапсырмалар мен бағыт-бағдар берілді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі