Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.09.2021 775 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Атырау қаласында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Иманғали» мешітінде өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.

Игі іс-шарада Бас мүфти: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің күнделікті жұмысында қайырымдылық іс-шараларына басымдық береді. Халқымыз «Қуантсаң баланы қуант, ақылына сәуле түссін» дейді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да осы – баланың жүрегіне қуаныш  ұялату. Алла Тағала осы балалардың зейінін ашып, еліміз бен жеріміздің игілігіне қызмет ететін тұлғалар болуын нәсіп еткей. Әр отбасыға бақыт пен жақсылық тілеймін» деді.

Айта кетсек, қайырымдылық акция аясында 40 отбасыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі