Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ДІНИ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЛЫ ПІКІР АЛМАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.09.2021 2727 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ДІНИ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЙЛЫ ПІКІР АЛМАСТЫ (ФОТО)

Бүгін Атырау облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті әкімдікте мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесіп, діни оңалту жұмыстары жайлы пікір алмасты.

«Біз өткен жылы ҚМДБ жанынан Діни оңалту бөлімін аштық. Қазір осы бөлімнің жұмысын жүйелі түрде жандандырып, жастарымыздың діни көзқарасын түзеуге күш салып отырмыз. Жалпы профилактикалық іс-шаралар бойынша 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында деструктивті діни ағым идеологияларының таралуына қарсы 5018 іс-шара ұйымдастырылды. Оған 1 053 411 адам қатысты. Ал түзеу мекемелерінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде 38 жазасын өтеуші азамат дәстүрлі Ханафи мәзһабына бейімделді. Ал 15 адамның діни көзқарасы оңалды, яғни Ханафи мәзхабын ұстанып, деструктивті діни ағым идеологиясынан бас тартты. Алла қаласа, бұл бағыттағы жұмысымыз жүйелі түрде жүзеге аса береді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында жергілікті мекеме басшылары діни оңалту жұмысына қатысты көкейде жүрген сұрақтарын Бас мүфтиге қойып, ортақ іс-шаралар төңірегінде әңгімелесті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру