Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЗЕКЕТ ЖӨНІНДЕ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.08.2021 3631 0 пікір
ЗЕКЕТ ЖӨНІНДЕ САУАЛДАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Бүгін ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында өткен «Call орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының тікелей эфирі зекет тақырыбына арналды.

Діни басқарманың @muftiyatkz инстапарақшасы арқылы оқырман сауалына және Call орталықтың 87172333030 байланыс нөміріне келген қоңырауларға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры директорының орынбасары Нұркен Ділмұхан жауап берді.

«Зекет қандай құлшылық?» тақырыбында өткен эфирде дін қызметкері көрермендер мен хабарласушылардың сұрақтарына толыққанды жауап беріп, тұшымды пікірлерін бөлісті.

«Қарызы бар адам зекет бере ала ма?», «Мүгедек бауырымның отбасына көмектесіп, бірақ зекет беріп жатқанымды айтпасам бола ма?» сынды сұрақтарға, төрт-түлік мал, ақша, әшекей бұйымдардан, жылжитын және жылжымайтын мүліктен зекет беру жөнінде сауалдарға эфир барысында жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру