Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.08.2021 3547 0 пікір
ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммитіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен арнайы барған ҚМДБ делегациясы сапар барысында жергілікті Діни басқарма жұмысымен танысты.

Алдымен ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Діни басқарманың бас есепшісі Лаура Байжарасова Қазан қаласындағы консулдықта болды. Қазақстанның Татарстандағы бас консулы Жанболат Мурзалин екі елдің өзара тығыз қарым-қатынаста екенін және Қазан қаласында оқитын студенттердің, әсіресе дін саласында оқитын қандас бауырларымыздың оқуда озат екенін тілге тиек етті. Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Татарстандағы тарихи оқу орындарының маңыздылығына ерекше тоқталды.

Бұдан кейін ҚМДБ делегациясы Татарстан мүфтияты жанындағы «Зекет» қоры және ТМД елдеріне кеңінен танымал «Хузур ТВ» арнасына барды. Қонақтарды Татарстан мүфтиінің орынбасары,  «Хузур» баспа үйінің директоры Ришат Хамидуллин мен «Зекет» қорының басшысы Болат Марданов қабылдап, атқарып отырған жұмыстарымен таныстырды. Екіжақты мамандар арасында өзара тәжірибе алмасуға уағдаласты.

«Жұмыстарыңызға, тың жобаларыңызға береке тілейміз. Біздің де Діни басқарма жанынан көп жылдан бері «Зекет және қайырымдылық» қоры жұмыс істеп келеді. Имамдарымыздың жүйелі жұмысының нәтижесінде аталмыш қор елдегі мұқтаждардың мұңын бөлісіп, жағдайы жоққа қолдан келгенше қамқор, сырқатқа демеу, үйсізге пана болып келеді. Сондай-ақ екі жылдан бері «Муфтият» баспасы төл туындыларды, аударма кітаптар мен айына екі рет «Мұнара» газетін шығарумен айналысуда. Жуырда ғана Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Munara TV» арнасы көпшілікке ұсынылды» деді наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру