Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: ҚҰРБАН АЙТ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ АЙҒАҒЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.07.2021 653 0 пікір
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: ҚҰРБАН АЙТ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ АЙҒАҒЫ

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады. 

«Ұлы дала төсінде діни құндылықтарымыз ұлықталып, дәстүріміз дәріптелетін бұл мереке қоғамымыздағы жасампаздықтың, мейірім мен молшылықтың бірлік пен берекенің айшықты айғағы іспетті. Жүректерде мейірім шырағын жаққан осы қасиетті күндер Сізге және айналаңызға иман байлығын, жан шуағын, бақ пен берекесін нәсіп етсін. Адамзатқа түскен ауыртпалық артта қалып, айттан айтқа бауырымыз бүтін, төрт көзіміз түгел жетуге жазсын!» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі