Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 20.07.2021 2333 0 пікір
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Мәдени және рухани құндылықтардың дамуына, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің беки түсуіне еліміздегі дәстүрлі діндер мерекелерінің ықпалы зор. Бұл адамдардың жүрегіне жылулық ұялатып, жақындарына, жан-жағына жақсылық жасауға айрықша әсер етеді. Сан ғасырлар бойы дәстүрлі дін ұстанушылары өзара ынтымақтастық пен бауырмашылдықтың арқасында Ұлы дала төсінде елдігімізді, діни жөн-жоралғыларымызды сақтап қала алды. Мұсылмандар мен христиандардың ортақ үйіміз – Қазақстанда бірлік пен бейбітшілік жолында қызмет ете беретініне сенімдімін» делінген құттықтау жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру