Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.05.2021 927 0 пікір
БАС МҮФТИ ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас Наурызбай қажы Тағанұлы елге белгілі композитор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық артисі Ескендір Хасанғалиевтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Ескендір Өтегенұлының қазасы барша өнерсүйер қауымның қабырғасын қайыстырды. Ағамыз композиторлығымен де, әншілігімен де елдің ықыласына бөленген, абзал жан еді. Қазақ музыкасының қарыштауы үшін тер төкті. Өнер мен мәдениеттің өркендеуіне бір кісідей атсалысты. Қаншама ғажап әндер қалдырды. Әсіресе ол кісінің «Атамекен», «Анаға сәлем», «Айналайын», «Әдемі-ау», «Гүлсезім» секілді әндері тыңдарманның жүрегін тербеткен, ескірмейтін, өшпейтін әндерге айналды.

Ескендір ағамыздың жарқын бейнесі мен өшпес ізі ұмытылмайды. Ұрпақтар жадында сақталып, жаңғыра береді деп білеміз. Алла Тағала ағамызды рақымына бөлесін, отбасы мен туыстарына сабыр берсін!» делінген көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі