Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

164 222 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.04.2021 2826 0 пікір
164 222 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ АТҚАРЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен оразаның бірінші аптасын қорытындылауға арналған жиында ҚМДБ бөлім басшылары Рамазанның алғашқы аптасында атқарылған іс-шаралардың есебін таныстырды.

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров барлық өңірде білікті имамдар мен ұстаздар, РАНТ мүшелері мен ЖАНТ мүшелері «Отыз күнге отыз уағыз» атты тікелей эфирде онлайн уағыз-насихат жұмыстарын қолға алғанын мәлімдеді.

«Өңірлерде бас имамдар қасиетті Рамазан айының әр аптасында «Бас имам мінбері» айдары бойынша тікелей эфирге шығып, ораза жайындағы сұрақтарға жауап беруде. Рамазан айына орай өңірлерде әр апта сайын тікелей сұхбаттар мен облыс орталықтары мен кейбір аудандарда онлайн режимде «Құран хатым» оқу шарасы ұйымдастырылуда. Орыс тілді РАНТ мүшелерінің «Наука ихсан», «Уроки по вероубеждению», «История пророков» сынды тақырыптарда уағыз-насихаттар арнайы таспаға түсіріліп, YouTube әлеуметтік желісіндегі Муфтият каналына жүктелді. Instagram әлеуметтік желісінің @hikmet.tv парақшасында аптасына бір рет орыс тілді РАНТ мүшелері «Шариатские основы ведения бизнеса», «Этика Ислама», «История пророков» деген тақырыптар бойынша уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу үстінде. Әр ай сайын әрбір өңірге белгілі тақырыптар бөлініп беріліп, сол бойынша видео уағыз әзірленіп, тексеріліп YouTube әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларымызға жариялануда» деді Батыржан Мансұров.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров Рамазан айының алғашқы аптасы «Өмірге үміт сыйла» акциясына арналып, жұқпалы дертпен аянбай күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне азық-түлік себеттерімен қайырымдылық көмек көрсетілгенін жеткізді.

«Алғашқы іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастап барып, елордадағы №1 көпсалалы ауруханаға 3 дана оттегі концентраторы, 30 дана пульсоксиметр, 30 дана тыныс алуға арналған жабдық (шланг) табысталды. Сондай-ақ «Берекелі Рамазан сыйы» акциясымен аурухананың 150 қызметкеріне азық-түлік себеттері таратылды. Игі шара Рамазан айы мен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Ауызашар себеті» республика бойынша 57533 отбасыға таратылды.

Жалпы атқарылған қайырымдылық іс-шаралар саны – 164 222, көмек алған отбасылар саны – 550 104, ал қайырымдылыққа жұмсалған қаражат көлемі – 203 682 860 теңге» деп атап өтті Талғат Омаров.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру