Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.04.2021 2998 0 пікір
ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарма қызметкерлері тазалық іс-шарасына қатысты.

Іс-шарада Мүфтият ғимаратының маңайы тазаланып, ағаш түптері қопсытылды.

«Асыл дініміз адамның жеке тазалығымен қатар, үйінің, көшесінің, қоғамдық орындардың, тіпті тау-тас пен орман алқаптарының тазалығына ерекше мән береді. Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің үйін, аяғы басқан әр жерді таза ұстады және үмметіне тазалықты ұстануды өсиет етті. Дәл қазіргі пандемия жағдайында жеке гигиеналық тазалықпен қатар көшеміздің, жұмыс орнымыздың да тазалығына мән беруіміз керек. Қасиетті Рамазан айында өзімізді де, бала-шағамызды да, әріптестерімізді де осыған дағдыландырсақ, мына індеттен де арыламыз деген сенімдемін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру