Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

9000-ҒА ЖУЫҚ АДАМҒА «АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 15.04.2021 4241 0 пікір
9000-ҒА ЖУЫҚ АДАМҒА «АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде республика бойынша 9000-ға жуық ораза ұстаушыға «Ауызашар қоржынын» таратты.

Сондай-ақ «Берекелі Рамазан сыйы» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 1500-ге жуық азық-түлік себеті және 72 отбасыға ет таратылды. Бұдан бөлек «Қолдан қолға» жобасы боыйнша 9 отбасыға қаржылай көмек жасалынып, «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспанасы жоқ 1 отбасыға пәтер табыстап, мұқтаж жандарды қуантты.

Сауапты іс-шараларға қатысқан мешіт жамағаты мен белсенді еріктілерге алғыс айтып, ризашылық білдіреміз! Ұстаған оразаларыңыз, жасаған құлшылықтарыңыз, берген садақаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру