Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.04.2021 3224 0 пікір
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын айлардың сұлтаны Рамазан айының кіруімен құттықтап, хат жолдады.

«Халқымызға тән құндылықтар – мейірімділік, бірлік және қайырымдылықтың мағынасы осы қасиетті айда айқын сезіледі. Ел ынтымағын нығайту, рухани келісімін қалыптастыру және мәдени-ағарту саласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еңбегі еселі. Атқарған істері іргелі.

Рамазан айында жасаған игі істеріңіз еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру