Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЗЕКЕТ ӨКІЛДЕРІ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ (ФОТО)

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 08.04.2021 732 0 пікір
ЗЕКЕТ ӨКІЛДЕРІ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірлердегі он тоғыз өкілдігімен қасиетті Рамазан айында атқарылатын қайырымдылық іс-шараларын пысықтау мақсатында онлайн жиналысы өтті.

«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров зекет өкілдерінің өткен үш айда атқарған жұмыстарын жоғары бағалап, алғысын білдірді.

«Баршаңызды алдағы уақытта да халықтың игілігі үшін белсенді түрде жұмыс істеуге шақырамын. Келіп қалған он екі айдың сұлтаны Рамазан айында өтетін ауқымды «Рамазан керуені» акциясы аясында ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен әсіресе, ауылдық аймақтарда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуға басымдық беруіміз қажет. Сондай-ақ, пандемияға байланысты ораза тұтқан адамдарға ауызашар себеттерін үлестіру, карантин талаптарын сақтай отырып, мұқтаж отбасыларға арнайы ауызашар қоржыны дайындалады» деді Талғат Сейіткәрімұлы.

Бұдан бөлек зекетті қабылдау мақсатында республика бойынша барлық мешіттерде «Зекет қабылдау бұрышын» ашу жайында және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды. Ашықтық принциптерін сақтай отырып, сонымен қатар, зекет және садақаны беруді жеңілдету мақсатында арнайы «Kaspi» мобильді қосымшасының QR-коды арқылы қайырымдылық жасауға болатыны айтылды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі