Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

7 БАЛАҒА БАС МҮФТИ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 22.03.2021 1262 0 пікір
7 БАЛАҒА БАС МҮФТИ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Семейдегі орталық «Абай Құнанбайұлы» мешітінің ашылу салтанатынан соң бірқатар қайырымдылық шарасы өтті.

Игі бастамаға қолдау білдірген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі мешіттерде білім алып жүрген балаларға сый-сияпат табыстады. Оның ішінде 7 балаға Бас мүфти гранты берілді.

Грант иелері енді еліміздің әр түкпіріндегі айтулы медреселерде өз білімін шыңдайды. Бүгінгі әз-Наурыз мейрамына орай қуанышқа кенелген жандар демеуші, мұрындық болған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі