Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 26.02.2021 2025 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы  Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.

Бас мүфти Тәуелсіздіктің баға жетпес байлық екенін айта келіп, адамдарды қоғамға үлес қосып, жақсылыққа жақ болуға шақырды. ҚМДБ Төрағасы «Жасыл аймақта» тұрған елдімекендерде жұма намазын оқуға рұқсат беріле бастағанын, алайда COVID-19 індетінің таралу қаупі әлі де сейілмегенін айтып, мешітке келгенде санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін жамағаттың есіне салды.

Айта кетейік, Ахмет ауылдық мешітіне жұма намазына жиналған жамағат санитарлық талаптарды сақтап, құлшылығын өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі