Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 12.02.2021 3224 0 пікір
ҚМДБ ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Әдеп кеңесінің алғашқы мәжілісі өтті.

Мәжіліске наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, кеңес мүшелері, бөлім меңгерушілері, ал облыс бас имамдары онлайн режимде қатысты.

Кеңес жұмысында Бас мүфти дін қызметкерлерінің өзіне жүктелген міндеттерін кәсіби деңгейде орындауына айрықша тоқталып, Әдеп кеңесі мүшелері мен бас имамдарға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ имам-молдалардың әлеуметтік мәселесіне жіті көңіл бөлуді тапсырды.

Мәжілісте имамдардың бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беру мәдениеті де сөз болды. Осы бағытта Әдеп кеңесінің хатшысы, ҚМДБ діни оқу және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков пен Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет баяндама жасап, бас имамдарға тиісті нұсқамалар берді.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру