Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БӨЛІМ САҒАТЫ: «MUFTYAT» БАСПАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.01.2021 2628 0 пікір
БӨЛІМ САҒАТЫ: «MUFTYAT» БАСПАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен бөлім сағатының кезекті мәжілісі өтті. Бөлім сағатында ҚМДБ-ға қарасты «Muftyat» баспасының жұмыс есебі мен жоспары тыңдалды.

Баспаның директоры Мұрат Әбдіхалықов ҚМДБ тарапынан былтыр шығарылған және биыл шығарылатын жаңа кітаптар туралы баяндады. Сондай-ақ кітапты дайындау, типографияда басу және оқырманға жеткізу, яғни сатылымды арттыруға қатысты жұмыс жоспарымен бөлісті. Одан бөлек намаз үйрену мен күнделікті айтылытын дұғалар жайлы мобильдік қосымшаларды таныстырды.

Бас мүфти баспаның директорына кітаптардың мазмұнын халыққа көбірек насихаттауды тапсырды. Сондай-ақ жиналыста «Muftyat» баспасына қарасты «Мұнара» газеті мен «Иман» журналында ашылатын жаңа айдарлар мен оқырмандар арасында өткізілетін байқаулар жайлы мәлімет берілді. Онлайн режимде қашықтан сөз алған «Иман» журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек басылымның алда атқаратын жұмысы жайлы Бас мүфтиге баяндап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру