Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

73 ҚҰДЫҚ, 43 КӨПІР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.12.2020 3144 0 пікір
73 ҚҰДЫҚ, 43 КӨПІР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Халық даналығында: «Адамгершілікке арналған үш сауап бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап» деген сөз бар. Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жұмыс бағыттарының бірі. Бүгінде қайырымдылық іс-шаралар облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылып келеді.

Жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай «30 жылдыққа – 30 игі шара» атты қайырымдылық жобасы бекітілген болатын.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен, аймақтағы имамдардың ыждаһатты жұмысы мен демеуші азаматтардың көмегімен еліміз бойынша 1 жылдың ішінде өңірдегі елді-мекендерде 73 құдық тұрғындардың игілігі үшін пайдалануға берілді. Сонымен қатар «30 жылдыққа – 30 игі шара» қайырымдылық жобасы аясында 43 көпір салынып, пайдалануға берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру