Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 24.12.2020 3552 0 пікір
БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Абдулазиз бен Абдулла әл-Даудпен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Саудия арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, әсіресе ұмра және қажылық кезінде ынтымақтаса жұмыс істеу, сонымен қатар діни татулық пен ұлтаралық келісімді нығайту жайлы әңгімелесті.

Абдулазиз бен Абдулла әл-Дауд биыл Сауд Арабиясы коронавирус індетінің кең таралуына байланысты қажылық және ұмраға арналған визаларды беруді бүкіл әлем бойынша тоқтатқанын, бұл шара корольдікке келетін әлемнің барлық мұсылмандарын қорғауға бағытталған уақытша амал екеніне тоқталды.

Басқосу барысында Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биыл мерейлі 30 жылдығын атап өткенін, осыған орай бірқатар маңызды жұмыстар атқарылғанын алға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру