Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ НАУҚАС ЖАНҒА ИВЛ АППАРАТЫН ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 05.12.2020 2848 0 пікір
«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ НАУҚАС ЖАНҒА ИВЛ АППАРАТЫН ТАБЫСТАДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров Алматы тұрғыны, екінші топ мүгедегі Г. атты азаматшаға ИВЛ аппаратын табыстады.

Г. атты азаматша осыдан екі ай бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атына арнайы хат жазып, өзінің 2015 жылдан бастап өкпе демікпесіне шалдыққанын, сол кезден бастап 24 сағат бойы ИВЛ аппаратына мұқтаж екенін, аппаратсыз мүлдем қимылдай алмайтынын, қазіргі уақытта өзінің аппараты бұзылып тұрғанын, сондықтан жаңа аппарат алуға жәрдем беруді сұраған болатын.

Бас мүфти науқас жанның тілегін қабыл алып, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровқа хат иесіне аппаратты тезірек жеткізіп беруді тапсырды. Айта кетейік, пандемия басталғалы «Зекет» қоры еліміздегі науқас жандарға қол ұшын созу мақсатында «Өмірге үміт сыйла» акциясын өткізді. Акция аясында демеуші азаматтардың көмегімен 18 дана өкпені жасанды тыныстандыру аппараты, 891 оттегі құрылғысы, 20 обаға қарсы киім, 255 монометр, 528 пульсометр, 60 термометр, 136 701 бетперде, 15 000 қолғап және басқа да дәрі-дәрмектерды тиісті орындарға жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру