Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МҮФТИЛЕР МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.11.2020 1350 0 пікір
МҮФТИЛЕР МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Елордада өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы Ислам институттарының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында мүфтиятты әр жылдары басқарған Бас мүфтилер «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстаздар - Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы және Серікбай қажы Ораздың кеуделеріне «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін тағып, құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі