Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РӘТБЕК ҚАЖЫ НЫСАНБАЙҰЛЫ: МҮФТИЯТ ҒИМАРАТЫ ЖІГЕРЛЕНДІРІП ЖІБЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.11.2020 4625 0 пікір
РӘТБЕК ҚАЖЫ НЫСАНБАЙҰЛЫ: МҮФТИЯТ ҒИМАРАТЫ ЖІГЕРЛЕНДІРІП ЖІБЕРДІ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Діни басқарма ғимаратын аралаған алғашқы мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы: «Қызмет бабымен әлемнің 80 елінде болдым. Алайда мұндай ғажайып ғимаратты бірінші рет көріп тұрмын. Осы ғимаратты көріп, ерекше шабыт алып, жігерленіп кеттім. Бұл – барша мұсылманның мақтанышы, дін қызметкерлерінің абыройы. Ендеше, ел игілігі үшін аянбай қызмет ете беру керек. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған барша дін қызметкерін 30 жылдық мерекемен құттықтаймын. Жаратқан Жаббар Иеміз дінімізге қуат, жұртымызға ауызбіршілік берсін!» деген лебізін жеткізді.

Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстазына құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру