Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОЛҒА ШЫҚТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.10.2020 3661 0 пікір
ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОЛҒА ШЫҚТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жүрекке жылу» және «Біз біргеміз» акциялары бойынша мұқтаж отбасыларға көмек берілді.

Талдықорған қаласында ұйымдастырылған «Қайырымдыл керуеніне» ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған имамдарға ризашылығын білдірді. Өзі де қаладағы мұқтаж отбасыларға арнайы барып, сый-сияпатын жасады.

Сонымен бірге Бас мүфти «Қайырымдылық керуеніне» атсалысқан жомарт жандарға алғыс хат табыстады. Айта кетелік, осы игі шарада 10 тонна көмір мен 11 тонна азық-түлік дайындалып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйлеріне жеткізіліп берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру