Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ САЙРАМДА ЖАҢА ҚҰДЫҚТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.09.2020 983 0 пікір
БАС МҮФТИ САЙРАМДА ЖАҢА ҚҰДЫҚТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданының Арыс ауылында жаңа құдық пайдалануға берілді.   

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ел игілігіне құдық қазып, су шығарып үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, бұл істің үлкен сауапты амал екенін айрықша атап өтті.

Құдықтың тереңдігі – 130 метр. Ауылдың бұл аймағында су жоқ болатын. Енді бұл құдықтан су ішіп және мешіт ауласындағы бақша өнімдерін суғаруға болады. Айта кету керек, құдық қазу жұмысына «Арыс» мешітінің ерікті жамағаты демеушілік жасады.

Игі шараға қатысқан ауыл ақсақалдары үлкен сауапты іске бастамашы болған Діни басқарма басшылығына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі