Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АСТАНА МИТРОПОЛИТІ АЛЕКСАНДРМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 22.09.2020 3110 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АСТАНА МИТРОПОЛИТІ АЛЕКСАНДРМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александр бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде тараптар елімізде қалыптасқан дінаралық татулық пен келісім, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтудың маңызы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, тараптар адамгершілік құндылықтарды насихаттау жайлы пікірлерін ортаға салды. Дін басшылары халықты ізгілікке, адамгершілікке шақырып, елдің бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеу қажеттігін сөз етті.

Өз кезегінде Қазақстан және Астана митрополиті Александр Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру