Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 14.08.2020 4793 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы Орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында тұрмысы төмен 150 отбасыға әлеуметтік көмек (азық-түлік) жеткізілді. Әр отбасыға бір айға жетерлік азық-түлік салынған 2 сөмке үлестірілді.

«Алматы қаласы имамдарының ұйымдастыруымен «SENIMDI» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен 150 отбасына азық-түлік көмегі көрсетіліп жатыр. Қайырымдылық ісін Алла қабыл етсін, сауабын өздеріне нәсіп етсін! Алла Тағала баршамызға екі дүние жақсылығын нәсіп етсін! Бұ дүние, о дүниеде дәрежелеріңіз жоғары болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пандемияға байланысты Алматы Орталық мешіті 60-қа жуық арнайы көлік дайындап, әлеуметтік көмек әрбір отбасының үйіне жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру