Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚҰДИЯР БІЛӘЛДІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.08.2020 1817 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚҰДИЯР БІЛӘЛДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі қаламгер, дін жанашыры Құдияр Біләлмен кездесті.

Жүздесу барысында дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау жайы сөз болды.

Құдияр Біләл «Қазақтың дәстүріне жақындай түссек, байырғы қазақты қайта қалыптастырар едік» деген ұсынысын айта келе мешітке келетін жамағатпен жұмысты жандандыру, дәстүрлі дінге басымдық беру, ишандық мектептер жолын зерделеуге қатысты ой-пікірін бөлісті.

«Өзіңіз айтып отырған хандық дәуірден бері жалғанып келе жатқан бабалар мектебі, бабалар жолы – біздің де темірқазығымыз. Қазір біз бұл жолды дәстүрлі ислам деп түсіндіріп жүрміз. Әсілінде Ислам діні дәстүрлі, дәстүрсіз деп бөлінбейді. Алайда дәстүрлі ислам деп қолданудағы мақсатымыз – қазақтың бойына, қанына, сүйегіне сіңген ата-бабалар ұстанған жолды дәріптеу. Осы жолда өздеріңіздің ой-пікірлеріңіз біз үшін маңызды» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти қаламгерге сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі