Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі gov.kz 13.08.2020 1461 0 пікір
БАС МҮФТИ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілхановпен кездесті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде карантиннің жеңілдеуі жағдайында діни ғимараттардың жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Бас мүфти мешіттер ашылған жағдайда діни ғимараттағы қызмет санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілетінін мәлімдеді. Өз кезегінде вице-министр ҚМДБ-ның мешіттерде коронавирустық індет таралуының алдын алу бойынша бірыңғай іс-қимыл тәртібін әзірлеудің орындылығын жеткізді.

М.Әзілханов мемлекет пен діни бірлестіктердің, әсіресе пандемия сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында ынтымақтастығы одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Вице-министр ҚМДБ Төрағасына діндар азаматтардың мәжбүрлі карантиндік шараларға түсіністікпен қарағаны және олардың арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде мемлекетке көмектескені үшін алғыс айтты.

Бас мүфти вице-министрге биылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өткен Құрбан айт мерекесі кезінде министрліктің көрсеткен қолдауына алғыс білдірді.

Министрліктің көмегімен Діни басқарманың «Qurban2020.kz» арнайы сайты іске қосылды, соның арқасында азаматтар қашықтан қайырымдылық жасай алғанын назарға саламыз. Жалпы Қазақстан бойынша мереке кезінде 80 мыңнан астам мұқтаж адам құрбандық етін алды.

Сондай-ақ тараптар деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі