Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙДІҢ АЗИЯ БӨЛІГІ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 01.08.2020 537 0 пікір
РЕСЕЙДІҢ АЗИЯ БӨЛІГІ МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Нафигулла Аширов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Исламның бұл қасиетті мерекесі (Құрбан айт) Жаппар Иемізге жақындата түседі. Мұсылмандар Жаратушының разылығы үшін құрбан шалған кезде Алланың аспанға да, жерге де рақымы төгіледі. Құрбан малының қаны жерге тамбай жатып құрбан шалушының күнәсі жойылып, Алланың рақымына бөленеді. Осындай қасиетті күнде барша мұсылмандарға берік иман, мықты денсаулық, Ислам дініне қызмет етіп жүрген мұсылмандардың Алланың рақымына бөленуін тілеймін» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі