Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ҮММЕТ ЖАСТАРЫНА» АЙРЫҚША АЛҒЫС БІЛДІРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 31.05.2020 1611 1 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ҮММЕТ ЖАСТАРЫНА» АЙРЫҚША АЛҒЫС БІЛДІРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында мешіт жамағатынан құралған «Үммет жастары» қайырымдылық қорының жұмысымен танысып, нақты тапсырмалар берді.

«Жұмыстарыңызды жақсы білемін. Қайырымдылық бағытында көптеген игі жобаларды жүзеге асырып келесіздер. Өздеріңіз білесіздер, Діни басқарма өз қызметінде негізгі төрт бағытқа басымдық береді. Соның бірі - қайырымдылық. Сіздер осы қайырымдылық бағытындағы бастамаларымызға облыстық деңгейде үлкен үлес қосып келесіздер. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!» - деп игі тілегін жеткізді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, 2015 жылы құрылған «Үммет жастары» қайырымдылық қоры 4 бағытта қызмет етеді: мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек тарату, баспанаға аса зәру жандарға көмек көрсету, зейінді және мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты қолдау білдіру.

Осыған дейін қор атынан 10 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 4 мыңға жуық жанұяға қайырымдылық көмек көрсетілген.

 

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Жанерке Тинимова | 01.06.2020 02:48

Машаллах Алла Разы болсын!Алла жолындагы адамдарды озин тил козден сактай гор Раббым!!

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі